Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында мал ұрлығы өршіп тұр. Ауылда ұрылардан жапа шекпеген үй қалмаған.
Қарапайым халықты қан-қақсатқан қаскөйлер құқық қорғау органдарының құрығынан оңай құтылып кетеді. Ауыл тұрғындары осы күнге дейін жоғалған малдың бірде-бірі табылмағанын айтады. Барар жер, басар тауы қалмаған тұрғындардың бар үміті Мемлекет басшысында, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.