F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменнен Өзбекстанға әуе және теміржол рейстері ашылуы мүмкін

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
08.07.2025, 16:59
Жаңалықтар, Туризм
Өскеменнен Өзбекстанға әуе және теміржол рейстері ашылуы мүмкін

Фото: uzconsulate-aktau.kz

Өзбекстанның ірі қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы арасында әуе рейстері ашылып, теміржол қатынасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен Өзбекстан Республикасының туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара барысында белгілі болды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мұрындық болуымен өткен іс-шараға екі тараптың мемлекеттік органдары, туроператорлары мен әуе компанияларының өкілдері қатысты. Көрші елдің делегациясын Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиёр Ибрагимов бастап келді.

Кездесу барысында өңіраралық бағыттарды дамыту, мәдени және сауықтыру турларын ілгерілету, сондай-ақ екі елдің туристік ұйымдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Орталық Азияны бірыңғай туристік бағыт ретінде бірлесіп дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

– Бізді біріктіретін ортақ тарихи, мәдени және географиялық мұрамыз бар. Қазіргі уақытта осы артықшылығымызды пайдалана отырып, жаһандық туристік нарыққа шығу – басты міндеттеріміздің бірі. Ұлы жібек жолының бойымен жүріп, Қазақстан мен Өзбекстанның ірі қалаларын байланыстыратын туристік пойызды осы бағыттағы табысты бастамалардың жарқын мысалы ретінде келтіруге болады, – деген елші мырза мұнымен тоқтап қалуға болмайтынын да айтты.

Бахтиёр Ибрагимовтың пікірінше, алдағы уақытта Өскемен мен Орталық Азиядағы ірі қалалардың арасын жалғайтын теміржол қатынасын ашуға болады. Бұл екі ел арасындағы туристік ағымды едәуір арттыруға мүмкіндік бермек. Бір айта кетерлігі, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Өскемен – Алматы – Бішкек – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Хиуа маршруты бойынша жүрген туристік пойыз да болыпты. Демек, Шығыс Қазақстан облысы үшін Өзбекстанның ірі қалаларымен туризм саласында әріптес болу таңсық дүние емес.

Сондай-ақ, әуе қатынасын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Қазіргі уақытта еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтау сияқты шаһарларынан Өзбекстан ірі қалаларына ұшатын ұшақтар бар. Енді бұл қатарға Өскемен де қосылуы мүмкін. Мұны Бахтиёр Ибрагимов та жоққа шығармады. Тек екі ел Үкіметі және әуе компаниялары арасында бұл жөнінде өзара келісім, консенсус болуы керек.

– Әлбетте, бұл – бір күндік жұмыс емес. Тараптар алдымен мұндай әуе рейстерінің экономикалық тұрғыдан тиімділігін таразылауы қажет. Белгілісі, Өзбекстан Республикасы Қазақстанның Шығысымен де туризм саласындағы әріптестікті нығайтуға мүдделі, – деген елші мырза былтыр Қазақстаннан Өзбекстанға 2,5 миллионнан астам турист барып қайтқанын жеткізді.

Жалпы алғанда, 2024 жылы Өзбекстанға алыс-жақын шетелден 10 миллионнан астам турист сапарлап қайтқан екен.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ жаңа туристік өнімдер мен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендерін білдірді.

Тегтер: F16әуе рейсіҚазақстанӨзбекстанТеміржолТуризмШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59
Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52
Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған