Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты оқу-жаттығу кезінде парашютпен секіріп, қаза тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Қайғылы оқиға 15 шілде күні таңертең болған. Курсант жоспарлы оқу-жаттығу секірісін орындап жатқан. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, парашют ашылмай қалған. Жас жігіт ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – делінген хабарламада.
Қаза тапқан курсанттың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.