Бүгін Жетісу облысындағы Алакөл маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жер сілкінісі 24 шілде күні Астана уақытымен сағат 8:47-де Үшаралдан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы — 3,7.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының аумағында да магнитудасы 2-4 баллға дейінгі жер асты дүмпулері тіркелді.