Алакөлдің Абай облысындағы жағалауында жаз басталғаны 300-ден астам құқықбұзушылық тіркелген. Қазіргі уақытта демалыс орнында тәртіп сақшылары күшейтілген режимді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Туристік маусым басталғалы полиция қызметкерлері қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірлесіп, тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді. заң бұзу әрекеттерінің алдын алуға, заңсыз саудамен күреске және жағалауды ластау әрекеттерінің жолын кесуге баса назар аударылды.
Шомылу маусымы басталғаны 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, қоғамдық орынды ластаған – 141 жағдайғ рұқсат етілмеген жерде сауда жасаған – 22 жағдай, мас күйінде көлік жүргізген – 13 жағдай және мал жаю ережелерін бұзған – 74 жағдай анықталды, — дейді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп бұзғандар қатарында жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғандар мен жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзғандар да болған.
Жергілікті билік пен полиция өкілдері демалушыларды қоғамдық тәртіпті бұзбауға, табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырады.