Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0, +7°С, күндіз +2+15°С болады.
Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0, +5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0, +5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.




