Бүгін, 27 маусымда Ішкі істер министрлігі Алматыдағы әскери комиссариаттың бірқатар қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірқатар лауазымды тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған-ды. Олардың қатарында қорғаныс істері жөніндегі қалалық департаменттің басшылары мен аудандық әскери комиссарлар бар.
ІІМ мәліметінше, Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардың лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабы – «Билікті асыра пайдалану» бойынша іс қозғалып, тергеу басталған. Қосымша ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.