Елімізде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін. Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды F16.kz.
Кейінгі жылдары заманауи ауыл шаруашылығы уақыт талабымен жаңарып, цифрландыру есебінен технологиялық және өнімді салаға айналды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі артып келеді, оны одан әрі көтеру үшін жалақыны арттыру, зейнет жасын төмендету, ауыл тұрғындарына әлеуметтік төлемдерге жоғарылатылған коэффициент қолдану ұсынылып отыр. Бұдан бөлек ауылда тұрғын үй құрылысына арналған субсидия нормасын арттыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл шаралар еңбек жағдайын жақсартуға, жаңа кадрларды тартуға және ауылда адамдарды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.
Оның айтуынша, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 285,5 мың өнім өндіруші жұмыс істейді, олар шамамен 1 млн адамды жұмыспен қамтып отыр.