Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашеваның айтуынша, құжатта мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды босату ұсынылған.
Ал, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ 4,1 мың адам нақты босатылуы мүмкін екенін атап өтті.
Депутаттың айтуынша, 833 әйелге қатысты рақымшылық жасалады. Соның арасында 109-ы босатылса, 724 әйелдің жазаны өтеу мерзімі қысқартылады.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект