Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды F16.kz Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп жазылған ресми ақпаратта.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысында туған. Ол Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты, 2022 жылғы 19 қаңтардан 2025 жылғы маусымға дейін Қазақстанның қорғаныс министрі қызметін атқарды.
И.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.
Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы болды.