Өскемендегі сол жағалау саябағында енді қайық жалға алып, Ертісте серуен құруға болады, деп хабарлайды F16.kz.
Жауапты «Белалекс» компаниясының хабарлауынша, су көлігі саябақтағы кассада жалға беріледі.
Міндетті түрде жеке куәлік болу керек. Жалға алу құны – 2000 теңге (жарты сағат), — деді компания өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, әр дүйсенбі саябақта санитарлық күн. Ал қайықпен серуендегісі келген тұрғындар үшін сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін қол жетімді болады.




