Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Нұрсұлтан Маратов тағайындалды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл туралы бүгін өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
Нұрсұлтан Маратов – экономика, саясат және құқық саласында халықаралық деңгейде білім алған жас маман. Ол бірнеше елде тәжірибе жинақтады және аймақтық кадрлар резервіне енгізілді. Ол экономикалық бағытта елшіліктерде және жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеген. Ол өңіріміздің экономикалық саясатын тиімді жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға және халықаралық тәжірибені қолдануға қабілетті, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
Нұрлан Мұратов Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келген. Манчестер университетінің (Ұлыбритания), Лейден университетінің (Нидерланды), ҚР Қаржы министрлігі Қаржы академиясының және Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі, осыған дейін ол Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Нұрсұлтан Маратов мансап жолында Инвестициялар комитетінің сарапшысынан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің үшінші хатшысына дейін жүріп өтті. 2023 жылы ол Қазақстанға оралып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды, кейін Өскемен әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген және халықаралық жүйеде жұмыс тәжірибесі бар.