Экологиялық емес орамаларға «жасыл» салық енгізілуі мүмкін. Бұл ұсынысты мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанда қалдықтарды басқару бойынша жеке заң жобасы әзірленуі керек.
Атап айтқанда, біз қалдықтарды басқару бойынша жеке заң жобасын әзірлейтін уақыт келді деп санаймыз. Бұл заң жобасы өкілеттік, жауапкершілік, стандарттар мен инфрақұрылымға қойылатын талаптарды және мемлекеттік ынталандыру тетіктерін жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ экологиялық емес орамаларға «жасыл» салық енгізу және түскен қаражатты қайта өңдеу саласын дамытуға бағыттаған жөн, — дейді Ажар Сағындықова.