Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруге мүмкіндігіміз бар. Қазір жалақының ең төменгі шегіне қатысты есептеу жүргізіліп жатыр, яғни Еңбек министрлігі тиісті жұмыстарды атқаруға кірісті. Бұл тұрғыда 90 мың теңгеден сәл артық болуы мүмкін деп ойлаймын, — деді министр.
Оның айтуынша, Еңбек министрлігімен бірге аталған есептеулерге Ұлттық экономика министрлігі жұмылдырылған.
Қазір елімізде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келер жылы елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін екенін айтқан.