7 тамыз күні Шығыс Қазақстанда шұғыл мобильді құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, сағат 11.00-де облыс тұрғындарының мобильді құрылғыларына, яғни телефонға дыбыстық және мәтіндік сигнал келеді.
Алдағы уақытта бұл азаматтарды құлақтандыру төтенше жағдайлар туындаған кезде іске қосылады. Сигнал түскен кезде халыққа қалай әрекет ету керектігі көрсетіледі, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.