Глубокое ауданында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар қазірден бастап қолға алынуда, деп хабарлайды F16.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бүгінде Глубокое ауданының Прогресс ауылындағы Глубочанка өзенінде су тасқынының алдын алу мақсатында арнаны тазарту, тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Бұл өзен арнасының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш жұмыс 2025 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспарына енгізілгенін айту керек. Жалпы, бұл елді мекенде су тасқыны қаупінің бар екенін ескерсек, өткізілген іс-шаралардың тәуекелдерді азайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анық, – деп жазады дерек көзі.