Қазақстан Ішкі істер министрлігінің интерполы ел азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақстандық қыз Камбоджа корольдігіне қонақүй әкімшісі болып жұмыс істеу үшін ұшып барған. Алайда шетелге келген соң бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған. Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ интерполы Камбоджадағы интерполдың Ұлттық орталық бюросына және ннтерпол бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды, – деп жазды Polisia.kz.
Қазір құқық қорғау органдары қазақстандық қызды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап апарып, заңсыз еңбекке тартпақ болған адамдарды анықтап жатыр. Олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.