Катонқарағайлық кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы туған ауылында туризмді дамытып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Белқарағай ауылының тұрғыны Бауыржан Уалханов мемлекеттен 2,5% жеңілдікпен 8 700 000 теңге көлемінде несие алып, қонақ үй ашқан.
Бұл бастамасы арқылы кәсіпкер өз табысын арттырып қана қоймай, ауыл экономикасының жандануына да үлес қосып келеді.
Ауыл аманаты – кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Осындай қолдаудың арқасында мен өз арманымды іске асырып, туған ауылымда туризмді дамытып жатырмын. Бұл бағдарламаның шынайы көмегін көріп отырмыз. Елді мекендерді дамытуға бағытталған мұндай бастамалар көп болғаны тиімді болар еді, – дейді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Бауыржан Уалханов.
Қазіргі күні Белқарағай ауылындағы қонақ үй қонақтарды қабылдап, жайлы әрі қауіпсіз демалыс ұсынады. Сондай-ақ демалыс орны тарапынан таңғы ас пен қажет болған жағдайда ұлттық тағамдар да ұсынып, туристерге жергілікті бағыттар, көрікті жерлер мен табиғи қорықтар туралы ақпарат береді.