Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат пен анасының миллиардтаған қаржыны қайда жұмсағаны мәлім болды. Бұл туралы бүгінгі өткен сот отырысында айтылды, деп хабарлайды F16.kz.
Прокурор Азамат Кезекеннің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева 2021-2024 жылар аралығында қайырымдылық деген желеумен 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат жинап, оны өз қажеттеріне жаратқан.
Қайырымдылық үшін жиналған қаражат келесі мақсаттарға жұмсалуы керек болатын:
2,86 млрд теңге – тасқыннан зардап шеккендерге көмек;
566 млн теңге – Газа секторындағы адамдарға гуманитарлық көмек;
105 млн теңге – фестивальдер мен форумдарға;
21,6 млн теңге – мүгедек балаларға арналған аукцион;
Қалғаны – сайт пен Instagram арқылы жиналған қайырымдылық қаржы.
Ақша қайда жұмсалған:
7 пәтер сатып алған (Highvill, Akbulak, Vela Village және басқа);
3 автокөлік сатып алған (Lexus LX 600, Mercedes S 450, Haval H6 GT);
150 млн теңгеге (Cartier, Van Cleef, Gucci, Dior) бренд бұйымдарын сатып алған;
Rebel Flowers (гүл бизнесі);
17 рет шетелге сапарға шыққан (Лондон, Дубай, Қатар, Түркия, Ресей);
123 млн теңгеге пәтер жөндеген;
Күнделікті шығындар, яғни мейрамхана, техника, жиһаз, айыппұл тағы сол сияқты.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған (киіз үй, гүл, зергерлік бұйымдар мен көмір жеткізілгендей етіп рәсімделген).
Сот отырысы жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайрат пен оның анасына тағылған айыптарды оқыды. Судьяның сұрағына жауап берген Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды негізсіз деп, мойындамайтынын білдірді.
Бүған дейін жазғанымыздай, Перизат Қайраттың соты ішінара жабық форматта өтеді.