Оқыс оқиға 24 шілдеде Тоғас көшесінде болған, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada Largus көлігінің жүргізушісі Понтон көпірінен Аязбаев көшесіне қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жол апатының видеосы кешке түнде әлеуметтік желіде тарай бастады. Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде Тоғас көшесінде жарық жоқ екенін айтады.