Экология департаменті мен полиция қызметкерлері Өскемендегі қоғамдық көліктерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде, автобустың көбі экологиялық талапқа сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды F16.kz.
«Таза ауа» экологиялық акциясы аясында экологтар «Октябрьская» және «Пристань аялдамаларында қоғамдық көліктер пайдаланған газдардың түтінін өлшеп, белгіленген нормаға сай екенін тескерді.
Акция аясында қоғамдық көліктерге ерекше назар аудардық. Олар атмосфералық ауаның сапасына тікелей әсер етеді. Барлығы 20 дизельді автокөлік тексеріліп, нәтижесінде 10 автобуста белгіленген нормативтердің асып кеткені анықталды, — дейді ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік иелеріне қатысты қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданған.
Айта кету керек, «Таза ауа» экологиялық акциясы шілде айының соңына дейін жалғасады. Сәйкесінше, басқа қоғамдық көліктерге тексеріс жүрізіліп, экологиялық талаптарға сай келмейтіндеріне шара қолданылады.