Құтқарушылар алюминий флягадан қыз баланы аман-есен алып шықты, деп хабарлайды F16.kz .
Alashtimeskz порталының жазуынша, Абай облысының Аягөз қаласында ойнап жүріп бес жасар қыз бала алюминий піләктің ішіне кіріп, қайта шыға алмай қалған. Ата-анасы да шығара алмаған соң құтқарушылардан көмек сұраған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары гидравликалық құрал-жабдықты қолданып піләкті мұқият кесіп, баланы аман-есен алып шықты. Бүлдіршін жарақат алған жоқ, дәрігерлердің көмегіне де мұқтаж болмады.