27 шілде күні достарымен Ертіске шомылуға барған 19 жастағы Нұрдос Нұрболаттың денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бозбала сол күні достарымен “Самал” саябағындағы Ертіс өзеніне шомылуға барған. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, жас жігіт қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, өзеннің ортасына қарай ағып кеткен.
Құтқарушылар Прапорщиково, Зевакино, Саратовка және Азовое ауылдарына дейінгі аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Глубокое ауданындағы Уварово және Шемонайха ауданындағы Барашки ауылы маңында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Нұрдостың туыстары қазір еріктілердің көмегіне мұқтаж. Көмек қолын созуға ниетті жандар Нұрдостың әпкесі Айнаға +7-705-53-71-29 нөміріне немесе LIDER.KZ еріктілер тобына +7-771-466-54-38 нөмірі арқылы хабарласа алады.