F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самардағы трагедия: дәрігерлердің кінәсі дәлелденді

F16 F16
29.07.2025, 12:34
Жаңалықтар, Самар
Фото: F16.kz/коллаж

Фото: F16.kz/коллаж

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дәрігерлердің немқұрайлығынан екі жасар бала көз жұмды. Оған тиісті медициналық көмек көрсетпегені үшін жергілікті аурухананың екі қызметкерін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кінәлі деп таныды, деп хабарлайды F16.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

2023 жылы Самар ауданының екі жасар тұрғыны Әкежан дене қызуы көтеріліп, құсып, іші өтіп ауырады. Анасы сырқат баласын алып аудандық аурухананың қабылдау бөліміне барады. Дәрігерлер балаға ішек инфекциясы диагнозын қояды. Ем-дом тағайындайды. Бірақ науқастың жағдайы оңалмайды, керісінше қиындай береді. Осы кезде анасы баласын облыс орталығына тезірек жеткізуді өтінеді. Дәрігер С.С. санавиация шақырудың қажеті жоқ деп есептейді. Ал кішкентай Әкежанның хәлі тіпті нашарлап, аяғында терең ұйқыға (кома) кетеді. Сол ұйқыдан оянбайды…

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС, СОТ ҮКІМІ

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастайды. Нәтижесінде Самар аудандық ауруханасының екі қызметкері – педиатр С.С. мен анестезиолог-реаниматолог С.Ж сот алдында жауап береді. Оларға кәсіби міндеттерін дұрыс орындамады деген айып тағылады. Алайда бірінші инстанциядағы сот екі дәрігерді де ақтайды.

АЛДЫМЕН АҚТАУ, АРТЫНША АЙЫПТАУ

Алайда қайтыс болған баланың ата-анасы бұл шешіммен келіспей жоғары тұрған инстанцияға жүгінеді. Самар ауданы прокурорының апелляциялық наразылығы мен жәбірленуші Н.Сыздықованың өкілі берген апелляциялық шағымының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы биылғы 5 маусымда аталған ақтау үкімінің күшін жойып, жаңадан айыптау үкімін шығарды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Бакиннің F16.kz редакциясына берген ресми жауабына сәйкес, педиатр С.С. мен анестезиолог-реаниматолог С.Ж. кәмелетке толмаған Ә.Бұжігітовке тиісті медициналық көмекті көрсетпегені үшін Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі (көмек көрсетудегі немқұрайлық) бойынша кінәлі деп танылған. Алайда екі тұлға да Қылмыстық кодекстің 71-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық қудалау мерзімі өтіп кеткендіктен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕЙДІ

Сот жәбірленуші Н.Сыздықованың азаматтық талабын қанағаттандырды. Нәтижесінде С.С. мен С.Ж. 1 100 000 теңге мөлшерінде материалдық шығынды бірлесіп өтейтін болды. Бұған қоса 10 000 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы және жәбірленушілерді өтеу қорына міндетті төлемдер мен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы үкім шығарылды.

Сот медициналық қызметкерлердің әрекеті клиникалық хаттамаларды бұзу, науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызбау, балаға тиісті тексеру мен ем жүргізбеу түрінде көрініс тапқанын, бұл жағдайлар кешенді түрде өлімге әкеліп соққанын және мұның алдын алуға болатын еді деген қорытындыға келді.

Тегтер: F16Ауыл медицинасыҚылмыстық ісСамар ауданыСотШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59
Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52
Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған