Төтенше жағдай қызметкерлері Алтай тауындағы мұздақтар мен көлдерді әуден шолып, аэровизуалды бақылау жүргізді, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Байахметов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов мінген тікұшақ Катонқарағай ауданының аумағымен ұшып, Сарымсақты өзенінің алабындағы мұздақтарды әуеден тексерді. Нәтижесінде өзен-көлдердегі су деңгейі қалыпты, сел жүру қауіпі жоқ екендігі анықталды. Жалпы жағдай тұрақты деп бағаланды.