F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеріс

admin_f16 admin_f16
09.04.2025, 14:08
Жаңалықтар

Биылғы қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды. Осылайша «Күш – бірлікте» көшбасшылар клубы пайда болды, деп хабарлайды F16.kz

Бұл клуб 7–8-сыныптардың 23 оқушысын спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесі көп күттірмеді. Үш айдың ішінде бұрын тәртіп бұзып, сабағына салғырт қарап, ортасына жұғымы болмай жүретін балалар күрт өзгеріп, белсенді, шығармашыл, өнерге құштар, білімге әуес жеткіншектерге айналды.   

ПРОКУРОР МЕКТЕПТЕ

Тағы бір ескеретін жайт – прокурор ресми жиындармен шектеліп қалмады. Ол негізгі жұмысынан қолы қалт еткенде мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт ойындарын ойнады, өмірлік тәжірибесін үйретті. Өскелең ұрпаққа дәл осындай қарапайым да шынайы қарым-қатынастың әсері ерекше болғаны рас. Олар жанында көмектесуге дайын ересектер барын ұғынды.

Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі көп. Балаларға қолайлы орта қалыптастырды.
Оқушылар өз күшімен мектеп қабырғасында «Наурыз – мейірім мен бірліктің мерекесі» атты шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүние бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.

Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде –балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүректегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күтеді.

АУДАННАН АСЫП ӨҢІРГЕ ТАРАТЫЛМАҚ

Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш — бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылмақ. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады. Болашақта мықты ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға өзінің қажет екенін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы, бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы жеткізу керек.

Жобаның жетістігі ескеріліп, оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».

Міне, осындай жаңа бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекеттің іргетасы – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және үні естілген жас буын.

Берік Асылов, 

Қазақстан Республикасының бас прокуроры

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсан көлінің жағасында туристік-рекреациялық аймақ құрылады

Зайсан көлінің жағасында туристік-рекреациялық аймақ құрылады

28.06.2025, 10:48
«Халық қиналып кетті»: ШҚО әкімі Қалбатау-Майқапшағай жолының құрылысын сынға алды

«Халық қиналып кетті»: ШҚО әкімі Қалбатау-Майқапшағай жолының құрылысын сынға алды

28.06.2025, 09:40
Қысы-жазы демалады: Сібені дамытудың кешенді жобасы жасалмақ

Қысы-жазы демалады: Сібені дамытудың кешенді жобасы жасалмақ

27.06.2025, 18:44
Заң мен әділеттілік – балалар көзімен: Өскеменде сурет байқауы өтті

Заң мен әділеттілік – балалар көзімен: Өскеменде сурет байқауы өтті

27.06.2025, 18:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Зайсан көлінің жағасында туристік-рекреациялық аймақ құрылады

28.06.2025, 10:48

«Халық қиналып кетті»: ШҚО әкімі Қалбатау-Майқапшағай жолының құрылысын сынға алды

28.06.2025, 09:40

Қысы-жазы демалады: Сібені дамытудың кешенді жобасы жасалмақ

27.06.2025, 18:44

Заң мен әділеттілік – балалар көзімен: Өскеменде сурет байқауы өтті

27.06.2025, 18:20

ШҚО журналистері зияткерлік ойында сынға түсті

27.06.2025, 18:11

Қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?

27.06.2025, 17:26

«Назарбаев Университетіндегі» студенттің өлімі: қылмыстық іс қозғалды

27.06.2025, 17:00

Шығыс Қазақстан – күнбағыс өсіру бойынша елімізде көшбасшы

27.06.2025, 16:28

Ең төменгі жалақы мөлшері 90 мың теңгеден асуы мүмкін

27.06.2025, 16:11

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

27.06.2025, 15:58

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған