Шығыста туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және экономиканың басқа да басым бағыттар бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыратын арнайы форум өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тарту жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Осы тапсырманы жүзеге асыру аясында, 9 шілде күні облыс әкімдігі туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және экономиканың басқа да басым бағыттары бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыратын арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
10 қыркүйек күні Өскеменде «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Басты мақсаты — халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен жаңа іскерлік әрі инвестициялық байланыс орнату. Өңірде басым салаларға инвестиция тарту үшін тұрақты түрде қолайлы жағдай жасалып, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, — дейді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.