28 шілде күні сағат 16:00 шамасында ШҚО-дағы республикалық маңызы бар тасжолдың 54-шақырымында қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі төменге түсу кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырып, рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан SHACMAN жүк көлігіне соғылған.
Howo жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, SHACMAN жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.