Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында өтетін ауқымды іс-шараға еліміздің 20 өңірінен, сондай-ақ ТМД елдерінен келген командалар қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 140-тан асады.
Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, облысы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Абай облыстары мен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан өкілдер жол ережелерін білуден сынға түседі.
Слетке қатысушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті әр өңірден келген командаларды күтіп алып, «Дарын» лагеріне дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.