Шығыс Қазақстанда жылумен жабдықтау желілерінің 55,6%-ы тозған. Жөндеу жұмыстарына биыл 22,4 млрд теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды F16.kz.
Алдағы жылыту маусымына дайындық туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек баян етті.
Оның айтуынша, қазір өңірдегі жылу электр орталықтарының жартысына жуығы алдағы маусымға дайын.
ЖЭО-лардың 47 пайызы дайын. Гидроэлектростанцияларда жөндеу жұмыстарының 46 пайызы аяқталды. 199 км электр желілеріне, 22 қосалқы станцияға және 19 трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді, — деді ол.
Айта кетейік, биыл облыстағы 57,5 км шақырым жылу желісіне жөндеу жүргізу жоспарналған. Қазіргі уақытта 18,6 шақырым желіге, яғни 32 пайызында жұмыс аяқталды.