Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоуды қабылдады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл сапар Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға екенін атап өктен абзал. Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.
Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады.
Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Федерация президенті Тоқаевқа ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті. Мемлекет басшысы жаттығу тақтайшасына қолтаңбасын қалдырып, Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды қолмен ұрып сындырды.