Қазақстан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 19 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Өрт үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Жанып жатқан пәтерден 1946 жылы туған үй иесі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ құтқарушылар көпқабатты үйдің 18 тұрғынын эвакуциялады. 30 шаршы метр алаңға шарпыған өрт ауыздықталды, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.