Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын ұстады. Ол пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды F16.kz.
Ведомствоның мәліметінше, аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
Тергеу мүддесіне, яғни Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.