Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомство болады, деп хабарлайды F16.kz.
Атқаратын қызметі:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік
оспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;
жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
байланыс желісін пайдалануға байланысты емес жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру, сондай-ақ байланыс желісін пайдалануға байланысты емес қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғау және көтермелеу;
тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған іздестірудегі адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстау және т.б.