F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұландық кәсіпкер қыстақта цех ашып, сүттен 14 түрлі өнім өндіріп отыр

F16 F16
03.12.2025, 11:23
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Ұлан
Фото: F16.kz/кәсіпкер, төрт баланың анасы Меруерт Толқынтаева

Фото: F16.kz/кәсіпкер, төрт баланың анасы Меруерт Толқынтаева

Алақандай ауылда тұрып таудай іс тындырып жүрген еңбекқор жандар бар арамызда. Солардың бірі — Ұлан ауданының Тоғанас қыстағында шағын сүт өңдеу цехын ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған Меруерт Токунтаева. «Ерінбеген адамға барлық жерде жұмыс та, табыс та бар» дейді ол. F16.kz тілшісі ақтан 14 түрлі өнім шығаратын кәсіпкердің “екінші үйінде” болып қайтты.   

Фото: F16.kz/дайын өнімдердің бір парасы

“Екінші үйі” деп бекер айтпадық. Меруерт отбасымен Өскеменнің іргесіндегі Ахмер ауылында тұрса да оның өмірінің көбі Тоғанаста өтіп жатыр. Бозала таңнан темір тұлпарын тақымдап қаладан шығып бара жататын осы бір әйелдің тынымсыз тірлігіне көрші-қолаң, ауылдастары қызыға қарайды, атын мақтанышпен айтады. Өйтпегенде ше. Екінің-бірінің қолынан келмейтін жауапты істі еш қорықпай бастап, бүгінде өзі ғана емес, өзгелердің де табыс табуына жағдай жасап отырған оның еңбегі ауыз толтырып айтуға әбден лайық. Бұл сөзді бозанбайлық тұрғындар растайды.

Бастапқыда күйеуім шаруа қожалығын құрып, Тоғанас қыстағында мал ұстадық. Кейін сиырларды сауып, сүтін неге кәдеге жаратпасқа деген ой келді. Сөйтіп шағын цех ашуға кірістік. Бұл идеямды Бозанбай ауылының әкімдігі қолдап, “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен 9 млн 400 мың теңге несие қаражатын алдым. Соның арқасында цехты қажетті қондырғылармен толық жабдықтадым, – деді төрт баланың анасы.

Фото: F16.kz/өнімді қаптайтын аппарат

Кәсіпкердің айтуынша, шағын цехта сүттен 14 түрлі өнім өндіріледі. Оның ішінде сүт, айран, май-кілегейден бастап, ірімшік пен құрттың түр-түрі көз жауын алады. Қала дүкендерінен кездестіретін талшықты ірімшік те (чечил) бар. Несие қаражатына сүт өңдейтін, ірімшік қайнататын және қақтайтын қондырғылар, азық-түлікті сақтайтын тоңазытқыш және басқа да құрал-жабдықтар сатып алған. Ал шикізат шаруа қожалығынан, сондай-ақ Бозанбай ауылының тұрғындарынан жиналады.

Тәулігіне 150-200 литр сүт өңдейміз. Өзіміз сауған сүтке қосымша Бозанбай ауылынан әкелеміз. Тұрғындар күнде кешке сауып, жинап қояды. Оларға да жақсы, қолма-қол ақшасын алады, – деп кәсіпкер әңгімесін жалғастырды.

Фото: F16.kz/сүт өңдейтін аппарат

АЛМАТЫҒА ТАПСЫРЫСПЕН АЛДЫРТАДЫ

Қазіргідей бәсекелестік заманында сапалы өнім өндіру оңай емес болса, оны өткізу одан да қиын. Десе де Тоғанастың құрт-ірімшігі нарықтан өз орнын таба бастаған сияқты. Бүгінде құнарлы, ешқандай қоспасы жоқ табиғи азық-түлікті іздеп жүріп алатындар бар. Тапсырыс беретіндер де аз емес. “Әсіресе, той-томалақ, ас-науқан кезінде сұраныс артады” дейді өндіруші. Дайын тауар Ахмердегі жеке тұрғын үйдің іргесінен ашылған шағын дүкенде де сатылады. Интернет, әлеуметтік желілер арқылы да алады.

Фото: F16.kz/шұжық жасайтын аппарат

Тапсырыс демекші, Тоғанастың құртын Алматыға алдырып жеп отырған адамдар бар.

Бұрын осы жақта тұрған бір танысымның, аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, сәбиі туғаннан іш құрылысы ауырып, ота жасатты. Кейін олар Алматыға көшті. Танысым ай сайын дорба-дорба құрт алдырады. Содан сұраймын ғой, “неге сонша көп аласыңдар, не істеп жатырсыңдар?” деп. Сөйтсем кішкентай қызы біздің құртты өте жақсы көреді екен. Денсаулығы да түзеліпті. Таңертең тұрғанда екі қолына құрт ұстатпасаң айғай-шу басталады дейді. Сонысын жеп болған соң ғана таңғы асқа отырады екен. Мұны естіп қуанып қалдым. Баланың құрт жегені жақсы ғой. Оның құрамында кальций көп, сүйегі қатаяды, өседі. Денсаулыққа пайдалы. Біз өндірген құрттың құрамында қоспа жоқ, таза табиғи жолмен дайындалады. Сондықтан да болар сонау Алматыға алдырып отыр, – деді Меруерт Токунтаева.

ҚАҚТАЛҒАН ҚАЗЫ МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШҰЖЫҚ ӨНДІРМЕК

Кейіпкеріміз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Кәсібін кеңейтіп, сүттен жасалатын өнімдердің түрін көбейтуге ниетті. Ешқандай қоспасыз таза мал етінен үш түрлі шұжық, балаларға арналған шұжықша (сосиски) жасап, қақталған қазы мен қарта әзірлеуді қолға алмақ. Оған қажетті аппарат та, шикізат та дайын. Бірақ жұмысшының жоқтығы қолбайлау болып тұр.

Фото: F16.kz/өнімді қақтайтын аппарат

Ауылда жұмыс істейтін адам жоқ. Қасыма біреуді алып, үйретейін десем 200 мың теңге жалақыға ешкім келмейді. Біздің қыстақ пен Бозанбай арасында жүріп-тұруды қиынсынады. Мұнда не ұялы байланыс, не интернет жоқ. Егер интернет қосып алсақ цехтағы жұмысты онлайн көрсетіп, құрт-ірімшік қалай жасалып жатқанын тұтынушылар көретін еді. Кейде тапсырыс берушілерім телефон шалып іздейді, ал мына жерде байланыс жоқ, бір кем дүние. Болашақта осы мәселелер оң шешілсе, шаруамыз қыза түсер еді, – деп қосты кәсіпкер әйел.

Облыс орталығынан 50 шақырым жердегі Тоғанаста қазір оншақты түтін бар. Жергілікті жұрт малмен жан бағады. Қыстақ болғандықтан ұялы байланыс пен интенет желісін тарту қиын, өйткені адам саны аз. Қызмет көрсетуші компанияларға бұл тиімсіз. Дегенмен ең бастысы қысы-жазы көлік қатынас бар. Шағын цехтың іркіліссіз жұмыс істеуі үшін бұл өте маңызды.

Тегтер: «Ауыл аманаты»F16әлеуметтік кәсіпкерлікҰлан ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған