Астана көшелерін Sergek камерасы бар дрондар бақылай бастады, деп хабарлайды F16.kz.
Елордада құқық қорғау органдарының жұмысына жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Sergek Group компаниясы 27 маусымда дрондардың Sergek жүйесімен жабдықталып, полицияға нақты уақытта іздеу салынған көліктер мен азаматтарды анықтауға көмектесетінін хабарлады. Бұл құрылғылар құқық бұзушылар мен борышкерлер жайлы мәліметті жедел түрде тәртіп сақшыларының планшетіне жеткізе алады.
Сынақ кезеңінде дрондар патрульдеуден бастап нақты мекен жай бойынша іздестірулерге дейін қызмет көрсетеді. Егер жүйе тиімділігін дәлелдесе, оны еліміздің басқа аймақтарында да енгізу жоспарда бар.