Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, подполковник Ерлан Рамазанов жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, Ерлан Рамазанов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Әкім аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының негізгі міндеті — аумақтық қорғаныс бригадасын (99230 әскери бөлімі) жабдықтау, орналастыру және кадрлармен қамтамасыз ету болып саналады.
2025 жылға жоспарланған іс-шаралар аясында алға қойған міндеттерді бірлесіп шешеміз. Бұл бригадаға қаржы бөлуге күш саламыз. Біздің бригада республикадағы ең үздік бригада екеніне көз жеткізуіміз керек. Жоғарғы Бас қолбасшы мен қорғаныс министрі қойған тапсырмаларды жедел орындау қажет, – деді подполковник Е.Рамазанов.
Рамазанов кадрлық құрамның жай-күйін тексеріп, оқу үдерісімен және материалдық-техникалық базамен танысты. Ол сержанттар мен офицерлік корпусты толық жасақтауды ұсынды.