Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйдің шатыры жөнделді, деп хабарлайды F16.kz.
Шілде айының соңында Н.Назарбаев даңғылы, 31 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатыры отқа оранып, 45 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 40 адамы мен 14 техника жұмылдырылды.
Қала әкімі Алмат Ақышов көпқабатты үйдегі жөндеу жұмыстары толық аяқталғанын хабарлады.




