F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Madina Kainarova Madina Kainarova
08.07.2026, 20:51
Жаңалықтар, Сайлау-2026
Фото: kisi.kz

Фото: kisi.kz

Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті.

Құқықтанушы ғалымдарды, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, экономистерді, еліміздің жетекші сараптамалық орталықтарының және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген сараптамалық алаңды ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырды.

Сараптамалық алаңға қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады.

Құрылтай сайлауының конституциялық және құқықтық негіздеріне арналған бірінші сессияны саясаттанушы Ғазиз Әбішев жүргізді. Пікірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конституциялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ алдағы сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеудің рөлін талқылады.

VIII-ші шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Марат Башимов сайлауды реттейтін конституциялық қағидаттарды егжей-тегжейлі талқылап, Негізгі Заң Құрылтайдың мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайтынын және сайлау процесінің құқықтық стандарттарын белгілейтінін атап өтті.

Саясаттанушы, VIII-ші шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Айдос Сарым алдағы сайлау науқаны жаңа конституциялық модельдің алғашқы практикалық сынағы болады деген пікір білдірді. Оның пікірінше, алғашқы сайлаудың сапасы жаңа институттардың орнықтылығы мен қоғамның оларға деген сенім деңгейін айқындайды.

ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова сайлау заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот арқылы қорғалудың, шағымдану тетіктерінің және заңдық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Талқылау алаңының екінші сессиясы жаңа электоралдық жағдайда саяси партиялардың стратегиясы мен орны мәселесіне арналды. Сессияны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жүргізді.

Сараптамалық алаңның екінші бөлігінде партиялық жүйенің трансформациясы, партиялық құрылыстың дамуы, саяси өкілдіктің сапасын арттыру, партиялардың әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ қазіргі медианың және саяси мәдениеттің сайлау үдерістеріне ықпалы талқыланды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Құрылтайды тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыруға көшу саяси партиялардың қоғам мүддесін білдіретін негізгі институт ретіндегі рөлін едәуір арттыратынын айтты.

Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, саясаттанушы Индира Рыстина партиялардың идеологиялық бірегейлігін нығайту, кадрлық әлеуетін дамыту және түрлі әлеуметтік топтардың сұраныстарын тереңірек түсіну қажеттігіне тоқталды.

Саясаттанушы әрі медиаменеджер Сырым Иткулов қазіргі саясаттағы популизм мен технократиялық тәсілдің арақатынасына қатысты пікір білдірді. Ол азаматтардың ұзақ мерзімді сенімі эмоциялық ұрандармен емес, кәсіби шешімдер мен партиялардың мазмұнды қызметі арқылы қалыптасатынын айтты.

Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқармасының төрайымы Жұлдызай Ысқақова партиялардың әртүрлі аудиториялармен мақсатты жұмыс істеуіне көшу қажеттігін айтып, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова азаматтардың электоралдық мінез-құлқына қатысты әлеуметтанулық көзқарасын ұсынды. Ол жаңа саяси модельдің орнықтылығы институттардың сапасына ғана емес, саяси мәдениеттің деңгейіне және партиялардың қоғаммен тұрақты өзара байланысына да тәуелді екенін атап өтті.

Қорытынды талқылау барысында сарапшылар Құрылтайға алғашқы сайлаудың табысты өтуі қоғамдық сенімді нығайтуға, демократиялық институттарды одан әрі дамытуға және Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қағидаттарын іске асыруға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04
Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған