F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Глубокое ауданында жаңа отбасылық амбулатория ашылды

F16 F16
29.08.2025, 09:51
Біздің медицина, Глубокое, Жаңалықтар

Глубокое ауданының Верхнеберезовка ауылында жергілікті жұрт көптен күткен отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды. Конституцияның 30 жылдығына орай ел игілігіне берілген маңызды әлеуметтік нысан Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық қанатқақты жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды F16.kz.

Амбулатория санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келеді және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деді Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Увазыров.

Амбулаторияның жобалық қуаты – бір ауысымда 25 адам. Мұнда төрт күндізгі төсек-орын қарастырылған. Жалпы ауданы 440 шаршы метр болатын ғимаратта 23 кабинет бар. Оның ішінде физиотерапия мен емдік денешынықтыру бөлмелері, акушер-гинекологиялық кабинет (заманауи видеокольпоскоппен жабдықталған), қақырық жинауға арналған бөлек кабинет және стоматологиялық кабинет бар.

Дәрігерлер бұрын колледж ғимаратында қабылдау жүргізген

Мирхат Увазыровтың айтуынша, ауылда бұрын мұндай амбулатория ғимараты болмаған. 1951 жылы салынған ескі ғимарат апатты деп танылғандықтан 2018 жылдан бері дәрігерлер техникалық колледж ғимаратында қабылдау жүргізіп келген.

Енді ауыл тұрғындары заманауи ғимаратта медициналық көмек ала алады, – деді ол.

Қазір Верхнеберезовка ауылында 1900 адам тұрады. Олардың ішінде 330-ы артериялық гипертония, 110-ы қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ ауылда 70 мүгедектігі бар адам тіркелген. Жаңа ғимарат олар үшін өте ыңғайлы етіп жабдықталған.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Глубокое ауданының құрметті азаматы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, облыстық Достық үйі жанындағы ҚХА кеңесінің мүшесі Дүйсембай Урумбаев жерлестерін Конституцияның 30 жылдығымен және амбулаторияның ашылуымен құттықтады.

Мен бұл ауылда 43 жылдан бері тұрамын. Бүгін бәріміз үшін қуанышты күн, – деді ол.

Жаңа амбулаторияның штаттық құрамы толығымен жасақталып жатыр. Жақын күндері қосымша стоматолог-дантист, емдік денешынықтыру нұсқаушысы және физиотерапия маманы жұмысқа қабылданбақ.

Құрылысты депутаттар тұрақты бақылады

Мұндай ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер облыс бойынша соңғы үш жыл ішінде салынып келеді. Бүгінгі таңда жоспарланған 36 нысанның 34-і толық аяқталды. Қыркүйек айында барлық нысандарды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді AMANAT партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аманбай Нүркенов.

Айта кетейік, ауылдарда медициналық пункттер салудың басты мақсаты –тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетіп, аудан орталығына немесе қалаға бармай-ақ қызмет алуына мүмкіндік туғызу.

 

1 - 5
- +

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынған нысандардың ерекшелігі – олардың барлығы қажетті медициналық құралдармен және жиһазбен толық қамтамасыз етілген. Бұл ауыл халқының денсаулығын нығайтуға, профилактикалық шараларды уақтылы өткізуге және скринингтік тексерулер жүргізуге ықпал етеді.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласын кадр, технология және инфрақұрылым бағыты бойынша жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Маусым айында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов медицинаны өңірдің басты басымдықтарының бірі деп атаған-ды.

Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала. Ғылымдағы соңғы жетістіктер дәрігерлердің игілігіне жарап, халықтың денсаулығына қызмет етуге тиіс. Бүгінгі медицина қызметкерінен жанқиярлықпен бірге кәсібилік, үнемі даму, жаңа технологияларды енгізу талап етіледі, – деп атап өткен облыс әкімі.

Тегтер: F16Ауыл медицинасыглубокоеКонституция-30ШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған