Риддерде 31 тамыз күні суға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды F16.kz.
Құтқарушылар мен еріктілер 2 аптадан астам уақыт су айдындарында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғары өтімді техника, дрондар мен жүзу құралдары жұмылдырылғанымен, өзендегі қатты ағыс, орманды аймақ жұмысты қиындата түсті.
Іздеу жұмыстары кеше тоқтатылды. 1961 жылғы ер адамның денесі Бутаково ауылының маңындағы Үлбі өзенінен табылды, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, ер адам досымен бірге Кедровка өзенінен квадроциклмен өтпек болған. Алайда, жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтеріліп, ағыс күшейген. Досы жағаға шығып үлгергенімен, квадроцикл жүргізушісі ағысқа қарсы тұра алмаған көрінеді.




