ШҚО құтқарушылары Мұзтау тауының етегіне көтеріліп, өздігінен қайтып төменге түсе алмай қалған туристерді құтқарды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сенсек, хабар келіп түскен соң, оқиға орнына құтқарушылар мен Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлерінен құралған арнайы топ шыққан. Шұғыл іс-қимыл нәтижесінде мамандар туристерді теңіз деңгейінен шамамен 2 метр биіктікте орналасқан Көккөл көлінің маңынан тапқан. Топ мүшелері туристерге алғашқы көмек көрсетіп, лагеріне дейін жетуіне көмектескен.
Осылайша, құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында құрамында чехиялық 3 азамат болған саяхатшылар тобын құтқару операциясы сәтті аяқталды.
– ТЖМ тауға, табиғат аясына шықпас бұрын міндетті түрде өзіңіздің координаттарыңызды «112» қызметіне қалдыру қажет екенін ескертеді, – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.




