Шығыс Қазақстан облысында тұрмыстық тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдарға электр қуатының жаңа тарифтер енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.
«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ таратқан мәліметке сүйенсек, биылғы 19 қыркүйектен бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф 18,365 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз), ал 1 қарашадан бастап бюджеттік ұйымдар үшін 64,355 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) шегінде белгіленген.
Тұрмыстық тұтынушыларға арналған сараланған тариф
Электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке тұлғаларға тариф тұтыну көлемі мен электр плиталарын қолдану жағдайына байланысты 3 деңгейге бөлінеді.
Электр плиталарын пайдаланатындар:
| Айлық тұтыну көлемі | тариф (ҚҚС-сыз) |
| 0 – 90 кВтсағ дейін | 16,209 ₸/кВтсағ |
| 90 – 170 кВтсағ | 22,038 ₸/кВтсағ |
| 170 кВтсағ жоғары | 27,548 ₸/кВтсағ |
Электр плиталарын пайдаланбайтындар:
| Айлық тұтыну көлемі | тариф (ҚҚС-сыз) |
| 0 – 85 кВтсағ дейін | 15,833 ₸/кВтсағ |
| 85 – 165 кВтсағ | 22,038 ₸/кВтсағ |
| 165 кВтсағ жоғары | 27,548 ₸/кВтсағ |
Әлеуметтік осал топтарға арналған тариф
Жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғаларға жеңілдетілген тарифтер қолданылады (тек егер олардың иелігінде бір тұрғын үй болса):
Электр плиталарын пайдаланатындар:
- 0 – 120 кВтсағ дейін: 16,209 ₸/кВтсағ
- 120 – 170 кВтсағ дейін: 22,038 ₸/кВтсағ
- 170 кВтсағ жоғары: 27,548 ₸/кВтсағ
Электр плиталарын пайдаланбайтындар:
- 0 – 120 кВтсағ дейін: 15,833 ₸/кВтсағ
- 120 – 165 кВтсағ дейін: 22,038 ₸/кВтсағ
- 165 кВтсағ жоғары: 27,548 ₸/кВтсағ
Айта кетейік, көрсетілген тарифтерге қосылған құн салығы (ҚҚС) кірмейді.




