F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

F16 F16
03.10.2025, 16:00
Жаңалықтар
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысының Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Салтанатты іс-шараға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықау сөзінде ескерткіштің ашылуы халқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықша құрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенін атап өтті.

Нұрғиса Тілендиев өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты, еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртуға, қазақтың ән-күйін жер жүзіне танытуға зор еңбек сіңірді. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалап, ұлтымыздың рухани дүниетанымын байыта түсті. Ол алтын қорымызға енген пьесалар мен фильмдерге музыка жазып, театр және кино саласында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Нұрғиса Тілендиевтің теңдессіз мұрасы әлі талай ұрпаққа тағылым берері сөзсіз. Оның есімі қазақ мәдениетімен бірге мәңгі жасай береді, – делінген құттықтау хатында.

Мемлекет басшысының мерейлі сәтке орай жолдаған лебізін жеткізген Аида Балаева өз сөзінде ұлы композитордың қазақ мәдениетіне қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Ұлы композитор халқымыздың тарихымен тағдырын, қуанышы мен қайғысын, арман-мұратын өнермен өрнектеп, артында мол мұра қалдырды, – деді Аида Балаева.

Министр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай елімізде және шетелде ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын сөз етті.

Атап айтсақ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2025 жылды «Нұрғиса Тілендиев жылы» деп жариялап, Анкарада көрме, деректі фильм көрсетілімі мен композитор шығармаларынан концерт өткізді. Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Шабыт бастауы» атты көрме ашылып, АҚШ-та Карнеги-холда арнайы экспозиция, Бейжіңде «Құстар қайтып барады» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ Мәскеу, Франкфурт, Бішкек, Алматы және Түркістан қалаларында түрлі концерттер мен фестивальдер өтті.

Бүгінгі ескерткіштің ашылуы да ұлы тұлғаның рухын ұлықтауға арналған іс-шаралардың бір парасы деп білеміз. Осынау еңселі ескерткіш – Нұрғиса Тілендиевтің ұлт жүрегіндегі мәңгілік орнын айшықтайды. Нұрғиса Атабайұлының құнды қазынасы қазақтың мәңгілік мұрасы болып қала берері сөзсіз, – деді министр.

Салтанатты жиынға қатысушылар 400 орындық жаңа мәдениет үйінің ашылуына қатысып, көрме залдарын аралады. Іс-шара аясында арнайы концерт өтіп, дәулескер күйшінің әндері мен күйлері орындалды.

Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің мүсінін белгілі мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов жасаған. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 2,85 метр, тұғыры – 1,5 метр, жалпы биіктігі – 4,35 метр. Тұғыры граниттен жасалған. Еңселі ескерткіш – ұлы сазгердің ұлт руханиятына сіңірген еңбегіне деген ел құрметінің айғағы.

Тегтер: Алматы облысыескерткішмерейтойНұрғиса Тілендиевөнер
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған