Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан елінің басшысы Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды F16.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұраны орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан күтіп алды.
Бүгін Президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.




