F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
06.11.2025, 14:30
Жаңалықтар, Үлкен Нарын

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Үлкен Нарын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Кездесуде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, онда айқындалған басым міндеттердің өңірлік деңгейде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Мәлік Отарбаев өз сөзінде, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және жаңа технологияларды тиімді қолдану – экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, білім, медицина және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына инновацияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Үлкен Нарын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.

Аудан әкімінің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,3 млрд теңгені құрап, өсім 119 пайызға жеткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 14,6 млрд теңгені құрап, 7 пайыз артты, 39 жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынып, шаруаларға 223 млн теңге субсидия берілді. «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 21 шаруа қожалығы 528 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды, туризм саласында да оң серпін байқалып, 2025 жылы ауданға келген туристер саны 15 мыңнан асқан.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үлкен Нарын ауылындағы су құбырлары мен желілерін жаңғырту» жобасы аясында 77 км су жүйесі қайта жаңартылуда, ауданның 10-нан астам көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырылуда. Білім мен медицина саласында да маңызды жаңалықтар бар, барлық мектептер интернетке толық қосылған, оның ішінде сегіз мектеп Starlink жүйесін пайдаланады. «Цифрлық және мобильді мұғалім» жобалары іске асырылып, шалғай ауыл оқушыларына сапалы білім алу мүмкіндігі кеңейтілуде, ал денсаулық сақтау саласында аудандық ауруханаға заманауи компьютерлік томограф пен басқа да медициналық құрал-жабдықтар алынды, — делінген облыс әкімдігінің мәліметінде.

Кездесуге қатысқан ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері де өз ойларын білдіріп, ауданның Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Бопуров Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бағыттардың ауыл өмірін жаңғыртуға үлкен серпін беретінін атап өтіп.

Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ауыл өміріне енгізу – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады, ел дамуына әр буын өз үлесін қосуы тиіс, – деді ол.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері партияның жол картасы мен Президент Жолдауын орындау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті. Партия бастамасымен 2025 жылы жоспарланған 47 іс-шараның 32-сі толық орындалып, қалғандары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, «Жер аманаты» жобасы бойынша 12 821 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 160 пайыз орындалған.

Президент Жолдауында көрсетілгендей, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы, Үкімет, жергілікті билік және қоғам өкілдері күш біріктірсе, Үлкен Нарын өңірі заманауи, цифрлық және тұрақты даму жолында үлгі бола алады, – деп атап өтті Мәлік Отарбаев кездесуді қорытындылай келе.

Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, ауылды абаттандыру, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылым мен цифрлық сервистерді дамыту жөнінде пікір алмасты.

Тегтер: ЖолдауПрезидентҮлкен НарынШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған