Ертең өңірде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, кей аймақтарда бұрқасын соғады, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с бұрқасын жел болады.
Қолайсыз ауа райында ұзақ сапарлар жоспарламаған абзал. Егер шұғыл түрде қаладан шығу керек болса өзіңізбен бірге күрек, жеткілікті отын қоры мен азық-түлік, шам, жылы киім, зарядталған PowerBank алған жөн, — дейді ШҚО ТЖД құтқарушылары.
Айта кетейік, жолдың жағдайы туралы алдын ала ақпарат «Дәрмен» ұялы қосымшасында жарияланады. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық — 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады.
Құтқарушылар көлік жүргізушілерін жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.




