Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты дауылылды ескерту жарияланды. Ертең облыстың кей аудандарында жауын-шашын, қар, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 11 қараша күні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жел болады.
Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 23 мертге жететін жел соғады, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға алыс жолға шықпауға, жол жағдайы туралы ақпаратты алдын ала «Дәрмен» ұялы қосымшасы арқылы білуге кеңес береді. Республикалық маңызы бар жолдардың жай – күйін 26-28-08, облыстық — 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады.




