«ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс режимі жаңартылғанын хабарлады. Кей өңірдегі жол учаскесінде шектеулер жеңілдетілсе, кейбір жолдарда қозғалысқа әлі де тыйым салынып отыр, деп хабарлайды F16.kz.
Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянка қаласы) учаскесінде сақталады, — делінген хабарламада.
Бүгін Ақмола, СҚО, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.




