Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер музейінде алғашқы AI суретші көрмесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
«Бостандық жолы: жасанды зерде көзқарасы» атты бұл көрме – Тәуелсіздік күніне орай әзірленген, жасанды интеллект технологиясымен жасалған тың шығармалар топтамасы. Бұл кеште көрермен қауым ерекше әрі заманауи өнер туындыларын тамашалауға мүмкіндік алады.
Көрме барысында еркіндік, болашақ, рухани мұра және ұлттық болмыстың жаңа қырлары AI көзқарасы арқылы көрсетіледі.
Көрме 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де басталады. Өтетін орны: Шығыс Қазақстан өнер музейі.




